6 486 лотқа камералдық бақылау жүргізілді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес Департамент тарапынан 2023 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша жалпы сомасы 189 млрд. 703 млн. теңге құрайтын 6 486 лотқа камералдық бақылау жүргізілді. Соның ішінде 708 лот бойынша жалпы сомасы 8 млрд. 648 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтар анықталды.
Айта кету керек, орын алған заңнама бұзушылықтардың өсуіне мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушылармен уақытылы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес тиісті жұмыс жасамауы себеп болған. Мысалы, Департамент тарапынан жүргізілген камералдық бақылау нәтижелерімен анықталған негізгі бұзушылықтарды атап өтсек:
- тапсырыс берушілермен артық талап қою арқылы барлық мемлекеттік сатып алуға қатысушыларына тең мүмкіндік беру принципінің бұзылуымен мемлекеттік сатып алуларды жариялау;
- Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленбеген құжаттарды әлеуетті өнім берушілерден талап ету;
- мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленбеген жағдайлар бойынша, әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибиесінің болуын белгілеу және т.б.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларға келер болсақ, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларда нақты анықталған бұзушылықтардың түрлері, орындау мерзімдерін көрсетіліп ағымдағы жылдың өткен кезеңінде барлығы 708 хабарламалар жолданып, соның ішінен 708 хабарламалар орындалған болса, қалған 33 хабарламалар бойынша орындау мерзімі бар.
Бағыттар бойынша жолданған хабарламалардың 4,7% (33 хаб.) камералдық бақылаудың 1 бағыты (конкурс, аукцион, біліктілікті алдын ала іріктеу арқылы конкурс, рейтинг балды жүйе арқылы конкурс) бойынша жолданса, 2 бағыты бойынша 8 хабарлама, яғни 1,1% жолданған, 3 бағыты бойынша 1 хабарлама, яғни 0,2% жолданған. Сол сияқты, 4 бағыт бойынша 225 хабарлама 31,8%, баға ұсыныстар бойынша 67 хабарлама 9,5%, бір көзден сатып алулар бойынша 366 хабарлама (51,7%), тауарлық биржалар арқылы 8 хабарлама 1,1%.
Әлеуетті өнім берушілердің шағымдары бойыншаҚазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамасына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың шешімдеріне әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы шағымдануға құқылы делінген. Аталған заңнамаға сәйкес, бүгінгі күнге 613 әлеуетті өнім берушімен шағым беріліп, олардың 384 қаралып, нәтижесінде 140 шағымда (36,5%) көрсетілген уәждер өз дәлелін тапса, 160 шағымда (41,7%) көрсетілген уәждер ішінара расталған. Қалған 84 шағымданушының (21,8%) уәждері дәлелін таппады, бүгінгі күні 229 шағымданушының шағымдары қаралуда сатысында. Шағымданушылардың негізгі шағым беру себептері конкурсқа қатысуға жібермеу бойынша конкурстық комиссияның шешімдері, сол сияқты конкурстық комиссиямен конкурстық өтінімдерге есептелген жеңілдіктермен келіспеу болып табылады.
Қызылорда облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің
камералдық бақылау бөлімі
мемлекеттік аудит департаментінің
камералдық бақылау бөлімі