Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мал басын көбейту мен асылдандыру мәселесі бойынша партиялық бақылау жұмыстары жүргізілді

Мал басын көбейту мен асылдандыру мәселесі бойынша партиялық бақылау жұмыстары жүргізілді

«AMANAT» партиясы мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде мал басын көбейту мен асылдандыру мәселесін тұрақты назарда ұстап келеді. Жыл басынан бері асыл тұқымды мал бағумен айналысып жатқан бірқатар шаруа қожалықтарға мониторинг жүргізіліп, малшылардың ұсыныс-пікірі тыңдалды.


Жүйелі жұмыс бүгін жалғасын тауып, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мал басын көбейту мен асылдандыру бойынша «Байдәулет Ата» шаруа қожалығында болды.

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы «Байдәулет Ата» шаруа қожалығында болып, шаруа қожалық иелерімен, малшылармен және сауыншылармен кездесті. Партиялық бақылау іс-шарасына аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Марат Бисенов пен Әбдікәрім Серікбаев, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің маманы Айбек Қозыбаев қатысты.

Ақжарма ауыл округінде құрылған «Байдәулет Ата» шаруа қожалығы 2012 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 33 бас аналық сиыр, Ақмола облысынан 2 бас бұқа малдырын сатып алған. «Байдәулет Ата» шаруа қожалығының төрағасы Есмаханов Бөлебай бүгінгі күнге 100 бас мүйізді ірі қара, 80 бас жылқы малдарын күтіп бағуда. Шаруа қожалығында 40 га егістік жері бар.

Өз кезегінде ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің маманы Айбек Қозыбаев былтырғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 28,2 пайызға (38819 бас), жылқы 100,0 пайызға (28662 басқа), құс 3,6 пайызға (13419 басқа) өсіп, түйе 100,0 пайызға (1716 басқа) артқанын айтып өтті. Сондай-ақ ет өндірісі 3,3 % (1575,3 тонна), сүт өндірісі 1,5 % (1293,0 тонна) көбейген. Ауданда жалпы 128 шаруашылық құрылымдары мал шаруашылығымен айналысып келеді. Оның ішінде 11 шаруашылық асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысуда. Асыл тұқымды 1000 бас мүйізді ірі қара, 4749 бас қой малы бар.


AMANAT
22 қазан 2025 ж. 326 0