Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия қатары жаңа мүшелермен толықты

Партия қатары жаңа мүшелермен толықты

Республика күні мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толығып, бірқатар азаматқа партиялық билеттер табысталды. Саяси мәні зор іс-шараға аудандық мәслихаттың төрағасы, партияның аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов, партия филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Алмас Есназар және Марат Бакуов қатысты.

Партия филиалының төрағасы Ержан Ертарғынұлы жиынға қатысушыларды Республика күнімен арнайы құттықтады.

– Президентіміз қандай бастаманы қолға алса да, осы бұлжымас қағидадан айныған емес. Біз алдағы уақытта да осы қарқынды бәсеңдетпеуіміз керек. Партиямыздың мыңдаған мүшесі Президент бастамаларын әрі қарай да іске асыруға атсалыса береді. Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы мереке аясында «AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толығып, бірқатар азаматқа партиялық билеттер табыстау үшін бас қосып отырмыз. Алдағы уақытта өздеріңізбен бірлесе нақты жұмыстар атқарып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз деп сенемін, – деді Ержан Ертарғынұлы.

Қабылдау барысында «AMANAT» партиясының партиялық билеттері мемлекеттік қызмет, мәдениет, білім саласында еңбек етіп жүрген белсенді азаматтарға табысталды. Олар аудан дамуына, партиялық жобаларды жүзеге ынталы екендіктерін айтты.

Жиын соңында партия мүшелері естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

АМАНАТ
22 қазан 2025 ж. 52 0