Камералдық бақылау жүргізілді
Департаментпен 2023 жылдың 01 қаңтар - 01 қыркүйек аралығына 13 331 лот сомасы 442 млрд. 894 млн. теңге құрайтын мемлекеттік сатып алулар камералдық бақылаумен қамтылып, оның ішінде 1 504 лот сомасы 27 млрд. 145 млн. теңгеге сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды.
Камералдық бақылаумен анықталған негізгі бұзушылықтар:
– тапсырыс берушілермен артық талап қою арқылыбарлық мемлекеттік сатып алуға қатысушыларына тең мүмкіндік беру принципінің бұзылуымен мемлекеттік сатып алуларды жариялау;
– Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленбеген құжаттарды әлеуетті өнім берушілден талап ету;
– Заңда көрсетілмеген негіздер бойынша бір көзден сатып алу жүргізу немесе бір көзден сатып алулар рәсімдері бойынша заңнама талаптарын сақтамау;
– мемлекеттік сатып алу заңнамасында белгіленбеген жағдайлар бойынша, әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесінің болуын белгілеу және тағы да басқа.
Өз кезегінде, Департамент тарапынан камералдық бақылауды уақытылы және сапалы жүргізу бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда.
Бүгінгі күнге, бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілері жіберетін бұзушылықтар саны азайып келе жатқанын атап өтуге болады.
Фото: nalogikz.kz