Тоғыз іс-шара тыңғылықты ұйымдастырылды

Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырысы аясында әлеуметтік маңызды іс-шараларды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және босатылатын, сонымен қатар пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға көрсетілген қызметтерді жүзеге асырды. Атап айтқанда, аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік маңызды іс-шараларды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және босатылатын, сонымен қатар пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға тамыз айынан бастап екі мәрте психологиялық, заңгерлік көмек және кеңес берілді. Пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың отбасыларына тамыз және қараша айында екі қайырымдылық пакет таратылды. Тамыз айында пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға қосымша тағы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Тамыз айында пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың балаларына мектепке жол акциясы ұйымдастырылды. Саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау мақсатында тамыз және қазан айында пробация қызметінің есебіндегі азаматтар арасында екі рет спорттық іс-шара өткізілді. Қазан айында пробация қызметінің есебіндегі азаматтар мәдени іс-шараға қатыстырылды. Бұл іс-шаралардың барлығы ауданда ұйымдастырылды.
«Қызылорда облысының
жастар Одақтары»
қоғамдық бірлестігі