Пробация есебіндегілер жұмыспен қамтамасыз етілді
Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органмен 2022 жылдың есептік кезеңінде қолданыстағы Ереженің талаптарына сәйкес келесідей жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда:
Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 3 тоқсандық комиссия отырысы өткізілді. «2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес ағымдағы жылға 10 квота бекітілді.
Есепті кезеңде аудандық пробация қызметінің есебінде 44 адам тіркеуде тұр.
Квота бойынша 10 жұмыс орны белгіленіп, бүгінгі квота толығымен орындалды.
Квотадан тыс 10 азамат жұмысқа орналасты: 3 тұрақты, 7 адам уақытша жұмысқа орналасты: (ақылы қоғамдық жұмысқа-5), алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша-2.
Сондай-ақ, 1 адамға 2022 жылдың ІІ тоқсанына 351300 теңге және ІІІ тоқсанына 223935 теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 2 азаматқа ағымдағы жылдың қыркүйек айында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру» тетігі бойынша комиссия шешімімен 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант тағайындалып, қазіргі таңда жеке кәсіпкер ретінде өз кәсібін ашып, жұмыс жасауда.
Есепті кезеңде пробация қызметі есебінде тұрған 44 азаматқа медициналық, психиологиялық көмектер көрсетілді. Сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқықтық кеңестер берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде бақылауға алынып,орындалуы тиісті деңгейде жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды және пробация қызметінде есепте тұратындарды қайта әлеуметтендіру, қайта оңалту орталығының жұмысын ұйымдастыру мақсатында әзірленген әлеуметтік жоба аясында «Сырдария-Нұрдария» Қоғамдық қорымен 13 шара ұйымдастырылды (психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік көмек және кеңес беру шарасы, спорттық шара, семинар-тренинг, пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен ортаға бейімдеу және тағы басқа тұрғыда сауалнама жүргізілді, мәдени-демалыс іс шарасы, «Мектепке жол акциясы» аясында 10 отбасыға, яғни пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардың көмекке мұқтаж балаларына мектеп сөмкелері мен кеңсе құралдарын және қайырымдылық шара аясында 25 отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді).
Әлеуметік жоба аясында атқарылған барлық іс-шаралар жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдарына және әлеуметтік желілерге жарияланды. Құқық қорғау органдармен бірлескен шара аясында ағымдағы жылдың 18 шілдесінде және 22 тамызында кент және ауылдық округте тұратын пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың мекен-жайын аралап, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінде аудандық пробация есебіндегі азаматтардың қатысумен аудандық прокуратураның прокуроры, аудандық пробация қызметінің және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің мамандарымен бірлесіп ашық диалог форматында құқықтық және басқа да кеңестер беріліп, қайта қылмыстың алдын алу мақсатында облыстық прокуратурасымен әзірленген бейнеролик назарға ұсынылды.
«2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қарашадағы №319 қаулысымен 4 жұмыс орнына квота бекітілді.
Қолданыстағы заңнамада (Қылмыстық-атқару кодексі, «Пробация туралы» заң, Үкіметтің 23.10.2014 ж №1131 қаулысы) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробациялық бақылауда тұрған азаматтарды бақылау, жұмысқа орналыстыру мен әлеуметтік оңалтудың тиімді жұмыстарын атқару мақсатында тиісті шаралар атқарылуда.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде бақылауға алынып, орындалуы тиісті деңгейде жүзеге асырылуда.
Мақсұт ҚАРАТЕВ,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал атілерін тіркеу бөлімінің басшысы