Бірлігімізді көрсететін күн

Міне алда тағы да маңызды науқан болғалы тұр. Аудан тарихында бірінші рет халқымыз аудан әкімін сайлайды. Пилоттық жобаның біздің ауданда іске асуы жауапкершіліктің жүгі жеңіл еместігін көрсетеді. Өз таңдауын жасайтын тұрғындар бұл сайлаудың ерекшелігін түсініп, ауданымыздың болашағы үшін өз таңдауын жасайды.
Ұзақ жылғы еңбегімнің арқасында бейнетімнің зейнетін көріп отырмын. Қоғамдық жұмыстан да алыстаған емеспін. Осынау жылдар ішінде қаншама сайлау өтсе, ешқайсысынан қалыс қалған жоқпын. Бірқатар сайлаудың өтуіне тікелей атсалыстым. Енді міне, жаңа кезең талабына сай қабылданған Президент реформасының аясында аудан әкімдері де сайланбақ. Бұл халықтың саяси сауатын арттыруға, демократияландыруға бағытталған оң қадам, дұрыс шешім.
Ауданымыздың тұрғындары 5 қараша күні бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп, өз сайлау учаскесіне барып, лайықты азаматқа дауыс береді деген сенімдемін.
Нұрлан ОРАЗБЕКОВ,
телекоммуникация
саласының ардагері
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
телекоммуникация
саласының ардагері