Сырдария ауданының әкімі Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы Президент сайлауында өз таңдауын жасап, дауыс берді
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстан Республикасының Президент сайлауында Тереңөзек кентіндегі №155 учаскеге барып, дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
- Бүгін еліміздің болашағы үшін маңызды саналатын саяси науқанның шешуші күні. Бүгін әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сырдариялықтар ел ертеңі үшін бірлігін көрсетіп, сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Айта кетейік, ауданда 18 сайлау учаскесі және 21615 сайлаушы бар. Барлық сайлаушыларға жағдай жасалған. Сондықтан әрбір азаматты жаңа кезеңнің жарқын бастамасына айналған кезектен тыс Президент сайлауына қатысып өз таңдауыңызды жасап, дауыс беруге шақырамыз. Барлық жұрттың ойлағаны да, көздегені де – тыныштық. Еліміздің шекарасы бүтін, халықтың көңілі тоқ болса, одан артық бақыт жоқ.

Анығын айтқанда, ауданда сайлаушылар белсендігі едәуір жоғары. Таңдауларын жасаған халықтың көңіл-күйі керемет. Қай кезде де, ұйымшылдық танытатын аудан біргілігі жарасымды. Ынтымағы жарасқан ауданымызда татулық, бірлік айрықша көрініс тапқан. Саяси науқанда қариялар ұлт болып ұйысуңдың нағыз жолдарын тілге тиек етті. Жастар қазыналы қарттардан бата алды.