Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауысымды алғашқылардың бірі болып бердім

Дауысымды алғашқылардың бірі болып бердім

Елімізде тағы бір саяси науқан өтуде. Бұл жолы ауыл әкімдерінің сайлауы. Осы сайлаудың орны бөлек дер едім. Себебі ауыл әкімдерін осы уақытқа дейін жергілікті мәслихат депутаттары сайласа, енді бұдан былай ауыл тұрғындары дауыс беру арқылы өз әкімін сайлайтын болады.

Міне, бүгін облыс бойынша 40 ауылдық округте әкім сайлауы өтсе, солардың бірі ретінде біздің ауылда да сайлау өз дәрежесінде өтуде. Таңертеңнен бастап алдымен ауылдың ақсақалдары мен еңбек ардагерлерінің қатарында өзім де дауыс беруге алғашқылардың бірі ретінде келдім. Сайлау учаскесінде барлық санитарлық талаптар сақталған. Дене қызуымыз өлшеніп, масканың міндетті болуы қадағалануда. 

Таңдауымды жасадым. Әрине, ауыл әкімі ең алдымен ел-жұртының қамын ойлайтын, халықтың мүддесіне қызмет ететін азамат болуы тиіс. Алдағы уақытта біздің ауылымыз да гүлденген ауыл қатарына қосылады деген сенімдемін.

Құралбай Қалбабаев,
Іңкәрдария ауылының тұрғыны, еңбек ардагері
25 шілде 2021 ж. 587 1

Ernesto от 29 мамыр 2025 17:18
Superb data. With thanks. casino en ligne You stated it perfectly! casino en ligne Amazing loads of wonderful info. meilleur casino en ligne Appreciate it, Quite a lot of write ups. casino en ligne Incredible quite a lot of excellent knowledge. casino en ligne Thank you! Lots of tips! casino en ligne francais With thanks, Good stuff! meilleur casino en ligne Nicely put, Many thanks. casino en ligne Whoa many of superb information. casino en ligne You suggested that effectively. meilleur casino en ligne