Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол

Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аймақта біршама іс-шара атқарылуда. Мәселен, аймақтың ардагерлеріне облыстың 85 жылдығымен қатар келген мерекелерінде құрмет көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Сәкен Мырзабек айтты.

- «Неке сарайы» мен «Анаға тағзым» орталығының ашылу салтанатына облыстың 150-ге жуық ардагері қатысты. Олар қаладағы құрылыс нысандарды тамашалады. Атап айтқанда абаттандырылған темір жол вокзалы, «Қорқыт Ата» әуежайы, сол жақ жағалаудағы тұрғын үйлердің жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік дастарханның арнайы қонағы болды, - деді Сәкен Салхадинұлы.

Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев мерекеде ақжарма тілегін жеткізді.

- Облыс әкімінің бастамасымен барлық ауданның қарттары қамтылған үлкен іс-шара өткізіліп, қарттарымыз сый-құрметке ие болуда. Бұл шараның мақсаты – аға буын өкілдері аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды біліп, ұрпағына айтып жастардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту. Сонымен қатар, ардагерлерге құрмет мұнымен тоқтап қалмайды. Әрі қарай да жалғаса беретіні сөзсіз. Сол себепті қарттарын сыйлаған жастарға алғысымызды білдіреміз, - деді Серік Әбішұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
01 қазан 2023 ж. 190 0