Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл қанша ардагер 80 жасқа толды?

Биыл қанша ардагер 80 жасқа толды?

Кент әкімдігінің қолдауымен, кент мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Халықаралық қарттар күніне және бір топ кент тұрғындарының мерейлі 80 жасқа толуына арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты ізгілікті шара өткізілді.
Кент мәдениет үйінде өткен кездесуде құттықтау тілегін білдірген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы ауданда қарттардың мерей жасын атап өту дәстүрге айналғанын айтты. Биыл аудан бойынша 77 ардагер 80 жасқа толды. Оның ішінде 26-ы кентте тұрады. Кент пен әрбір ауылда осындай ізгілікті шара өтуде.
Келесі кезекте аудандық және кент мәдениет үйінің көркемөнерпаздары ардагерлерді мерей жасымен құттықтап, әсем әннен шашу шашты. Сондай-ақ кент ардагерлері кеңесінің төрағасы М.Келдібаев пен кент әкімі Н.Бисенбаев «Төріңнен қартың кетпесін» деген игі тілегін арнап, ардагерлерге сыйлықтарын тапсырды.

«ТТ» ақпарат
15 қазан 2019 ж. 629 0