Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірде 148 талапкер әкім грантын иеленді

Өңірде 148 талапкер әкім грантын иеленді

Биыл аймақ басшысының қолдауымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін 150 білім гранты бөлінді, нәтижесінде 148 талапкер грант иегері атанды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Абдукаримов мәлімдеді.

Облыс әкімінің грантына 183 үміткердің өтініші қабылданды. Қабылданған өтініштер аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері жанына құрылған арнайы комиссиялардың отырыстарында қаралып, нәтижесінде барлығы 148 грант иегерлері анықталды. Атап айтқанда, 76-ы көп балалы, 43-і тұрмысы төмен, 13-і асыраушысынан айырылған отбасына, 7-і ата-анасының біреуі мүгедек, 3-і «Атамекен» балалар үйінің тәрбиеленушісі, 3-і мүгедек балаға, ал қалған 3-еуі ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаға берілді. Сондай-ақ, 2 үміткер мемлекеттік грантты иеленуіне байланысты бас тартты,-деді Мейрамбек Жақсылықұлы.

28 тамыз 2020 ж. 699 1

Kristin от 29 мамыр 2025 15:38
Nicely put. Many thanks! casino en ligne Kudos! Helpful stuff! casino en ligne You actually revealed it adequately! casino en ligne Regards! Plenty of knowledge! casino en ligne Truly a lot of superb material. casino en ligne fiable You actually expressed it perfectly! casino en ligne francais Thanks. Loads of posts! casino en ligne You actually suggested that fantastically. casino en ligne fiable Seriously a lot of beneficial info. casino en ligne francais Thanks a lot! Excellent information! meilleur casino en ligne