Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Медицина саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Медицина саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

1 қазан күні «Қарттар күніне» орай Сырдария аудандық ауруханасында «Қарттарым – асыл қазынам» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны аудандық аурухана бас дәрігері Н.Мырзағалиева ашып, сөз сөйлеп, ардагерлерді құттықтады.

Мерекеде аудандық үкіметтік емес ұйым, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, Р.Садықов бастаған сала ардагерлері өз ізгі тілектерін білдіріп, аурухана ұжымына ризашылығын білдірді.

Шара барысында сала ардагерлері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, медицина саласына ұзақ жылдар бойы қызмет еткен қызметкерді зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі болып, қызметкерлерге кәсіподақ ұйымының атынан сыйлық табысталды. Сала қызметкерлері ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті.

Мерекеде зор құрметке бөленген денсаулық сақтау саласының ардагерлері жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс – шарадан алғыстарын айтып, бата беріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

"ТТ" ақпарат
02 қазан 2019 ж. 1 393 0