Ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі

Қазір Қызылорда облысында 11 соғыс ардагері тұрады. Атап айтқанда, Аралда – 1, Қазалыда – 3, Сырдария ауданында – 1, Шиеліде– 1, Қызылорда қаласында – 5. Сондай-ақ, аймақта Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген 3756 ардагер бар.
- Іс шаралар жоспарында онлайн-мерекелік құттықтаулар, қайырымдылық, әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету шаралары қамтылды. Сондай-ақ, ардагерлер туралы роликтер көрсетілуде. Арнайы дайындалған билбордтар қаланың көрнекі жерлеріне, автобустарда ілініп, ардагерлердің өмір жолы жан жақты насихатталуда, - деді Айгүл Болатқызы.
Жеңістің 76 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының 11 қатысушысына облыстық бюджеттен 1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 116,6 мың теңгеден, КСРО ордені мен медалін алған 35 ардагерге облыстық бюджеттен 100 мың теңгеден, аудандық/қалалық бюджеттен 87,5 мың теңгеден, екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң, қатысушылардың 49 жұбайына 100 мың теңгеден, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 3661 азаматқа 100 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек берілуде.