Қылмыстың өтеуі – жаза

Қылмыстық іс бойынша 2022 жылғы сәуір айында М.Қ. және М.М. Қызылорда қаласы Абай көшесінің бойынан бір қорап сора өсімдігінің тұқымын тауып алып, Сырдария ауданы, Ақжарма ауылдық округінен 10 шақырым жерде сора өсімдігін өсірген.
Одан әрі, М.Қ мен М.М. өсіп-шыққан ірі мөлшердегі 1051 дана сораның түптерін 5 литрлік бөтелкемен қолдап суғарып, күтіп баптап, заңсыз өсірген.
Бұдан кейін, яғни 2022 жылдың тамыз айында М.Қ мен М.М. өсіп тұрған сораның жапырағын жұлып алып, бөлшектеп, майдалап, аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Сот қылмыстық құқық бұзушылық істің құжаттарын және істің мән жайын зерттеп, әрбір дәлелдемеге қатыстылығы, жол берілушілігі, ал барлық жиналған дәлелдемелерге олардың жиынтығында істі шешуге жеткіліктілігі тұрғысынан және заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып, жан-жақты, толық және объективті қарауға негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша баға бере отырып әділ жаза тағайындаған.
Сотта М.Қ мен М.М. өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкініп, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Сот М.Қ мен М.М. қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар ретінде кінәсін мойындап, шын ниетпен өкінуін және бұрын сотты болмағынын ескеріп, санкцияның шеңберінде жаза тағайындады.
Н.Нұрғалиев
Сырдария аудандық
прокуратурасының прокуроры
Сырдария аудандық
прокуратурасының прокуроры