Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткімен айналысқандар жазасын алды

Есірткімен айналысқандар жазасын алды

Есірткі қоғам дерті саналады. Оны тұтын­ғандардың болашағына балта шабылады. Ал оны заңсыз тасымалдап, қылмысқа барғандар жазасыз қалмайды. Осыған қатыста аудандық сотта есірткіні заңсыз тасымалдағандар тиісті жазасын алды.

Сырдария аудандық сотының 10.02.2023 жылғы үкімімен Н.Ілия­сов ауылдық округінің тұр­ғыны Р.Б. және Қармақшы ау­данының тұрғыны Т.К. Қа­зақ­стан Республикасының Қылмыс­тық Кодексінің 296-ба­бы­ның 4-бөлігінде және ҚК-нің 287-ба­бының 2-бөлігінде көздел­ген қылмыстық құқық бұзушылық­тарды жасағаны үшін «айыпты» деп танылып, әрқайсысы 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостан­дығынан айыруға, жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің ор­­таша қауіпсіз мекемелерінде өтеу­­ге сотты болды.

Қылмыстық іс бойынша 2022 жылғы 20 қыркүйек күні Т.К. Төретам кентінде 1 дана шолақ мылтық пен 4 дана оқ-дәріні тауып алған. Оны иемденіп, өзі­мен бірге заңсыз тасымалдап, Қызылорда қаласына алып келген. Сол күні сағат 12.00-де Т.К. танысы Р.Б.-мен хабар­ласып, Сырдария ауданына қа­расты Н.Ілиясов ауылына бар­ған. Содан кейін екеуі қалың шеңгел арасынан сора тұқым­дас есірткі өсімдіктерін жұлып әкеліп, сөмкеге салып, аса ірі мөлшердегі есірткі затын заңсыз иемденген.

Екі күннен кейін, яғни 2022 жылғы 22 қыркүйекте Т.К. мен Р.Б. соңғының Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылындағы үйіне келіп, заңсыз сақтап, кептіріп қойған аса ірі мөлшердегі есірт­кі өсімдігін сарайынан алып шық­қан. Оны ақ түсті пакетке салып, автокөліктің алдыңғы жо­лау­шы орындығының төменгі жағына тыққан. Осыдан соң ав­то­көлікпен Төретам кентіне жолға шығып, есірткіні заңсыз та­сы­­мал­даған.

Осы кезде өңірде «Қара­со­ра-2022» жедел профилакти­калық іс-шарасы өткізіліп жат­­қан. Соның барысында «Шым­­кент-Самара» тас жолы­ның 1756 шақырымында Р.Б. бас­қа­руын­дағы «Лада Приора» мар­калы көлік полиция қызмет­кер­­лерімен тексеріліп, ақ түсті па­кетке салынған салмағы 1 088,58 грамм аса ірі мөлшердегі жасыл түсті, кептірілген марихуана табылған. Сондай-ақ көліктің артқы жолаушылар орын­­дығының астынан оқжата­рында 4 дана оқ-дәрі болған 12-ка­либрлі «МР-155» маркалы шолақ мылтық алынған. Сөйтіп, Т.К. және Р.Б. екеуі өткізу мақ­сатынсыз аса ірі мөлшердегі сал­мағы 1088,58 грамм есірткі затын, яғни кептірілген марихуананы заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.

Сот қылмыстық құқық бұзу­шы­лық істің құжаттарын және істің мән-жайын зерттеп, әрбір дәлелдемеге қатыстылығын, жол берілушілігін анықтады. Осы­ған орай барлық жиналған дә­­лелдемелерге олардың жиын­тығында істі шешуге жеткіліктілі­гі тұрғысынан және заң мен ар-ожданды басшылыққа ала оты­­рып, жан-жақты, толық және объективті қарауға болатыны не­гізінде баға бере отырып, әділ жаза тағайындаған.
Мұнан кейін де есірткімен ай­налысқандарға сот үкімі шық­ты. Атап айтқанда, Сырдария ау­дандық сотының 24.01.2023 жылғы үкімімен Шаған ауы­лының тұрғыны С.М. салма­ғы 1 977,52 грамм болатын кепті­рілген марихуанна затын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз ием­деніп, сақтағаны үшін ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен «айыпты» деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айы­руға, жазасын қылмыстық-ат­қару жүйесінің орташа қауіп­сіз мекемелерінде өтеуге сотты бол­ған.

Сотта С.М. өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкіне­тінін айтқан. Ол үйіне тінту жүр­гізуден бірнеше күн алдын қорасының артындағы қалың шеңгел арасынан қап тауып алғанын, оны ашып қараған­да, ішінде есірткі заттары бар екенін көрген. Сотта С.М. есірт­кі затын танитынын және оны тұтынатынын, қапты үйінің ау­ла­сындағы темір гаражға апарып қойғанын мойындады. Со­­­дан оның бір бөлігін өзі тұты­нып, қалғанын өртеп жіберу ойы болғанын, алайда оны өр­теп үлгермегенін көрсетіп, өзі­не жеңіл жаза тағайындауды сұра­ған.

Сот С.М.-нің қылмыстық жа­уап­тылық пен жазаны жеңiл­дететiн мән-жайлар ретінде кі­нә­сін мойындап, шын ниетпен өкінуін және бұрын сотты болма­ғынын ескеріп, жазаны санк­цияның төмен мөлшерімен таға­йындаған.



Б.Жұмағали,
Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры
13 мамыр 2023 ж. 352 0