ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Соттың ашықтығы мен жариялылығы үшін ауданда ашық сот отырыстарын өткізу қолға алынған. Мұндағы мақсат тұрғындардың қылмысқа деген жиіркеніш сезімін қалыптастырып, заң үстемдігін қамтамасыз ету. Осы орайда, кент мәдениет үйінің мәжіліс залында аудандық сот төрағасы А.Абдулла Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен көзделген қылмысты жасаған сотталушылар К., Ж.-ның қылмыстық ісін көшпелі түрде қарады.
Есірткіге байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында өткізілген көшпелі ашық сот отырысына аудан прокуроры А.Тәженов, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен кент тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Ашық сот отырысында аудандық сот төрағасы есірткі қылмысы бой- ынша құрықталғандардың іс-әрекеті мен кесімді жазасын оқыды. Істің мән жайына сәйкес, аудан прокурорының 22.11.2017 жылғы кінәні мой- ындау туралы процестік келісімінде көрсетілгендей, сотталушылар К., Ж., өздерінің іс-әрекеттерінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра қылмыс жасаған. Олар екеуара алдын-ала сөз байласып, құрамында есірткі заттары бар өсiруге тыйым салынған сора өсiмдiктерiн егіп, өсірген. Атап айтқанда, қылмыскерлер ауданға қарасты Бесарық ауылының оңтүстік жақ бетінде шамамен 8 шақырым жерде орналасқан қалың шеңгел арасындағы жер учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсiруге тыйым салынған 164 түп сора өсiмдiгін ірі мөлшерде егіп, күтіп- баптаған. Мұндай қылмыстық әрекеттері іске аспай, құқық қорғау қызметкерлері қылмыскерлерді құрықтаған.
Басты сот талқылауында сотталушылар К., Ж., өздеріне тағылған айыпты толық көлемде мойындаған. Олар жасаған іс-әрекеттеріне шын ниетпен өкінетіндіктерін, іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді дауламайтындықтарын білдірген. Және де 22.11.2017 жылғы кінәні мой- ындау туралы процестік келісімінің мәнін түсінетіндіктерін және оны- мен келісетіндіктерін жеткізген. Сондай-ақ, өздері жасаған қылмысы үшін әрқайсысын 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, жазала- рын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу түріндегі жазасын тағайындаумен келісетіндіктерін және іс бойынша өзге ешнәрсе хабарлағысы келмейтіндіктерін айтып көрсеткен.
Ашық сот отырысында Сырдария аудандық сотының үкімімен сотталушылар К., Ж., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен «кінәлі» деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаларын өтеуді қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.
Бүгінде елімізде есірткі қылмысы етек жайып барады. Сол себепті өткізілген осындай ашық сот отырыстары, соттағы жариялылық атал- мыш қылмыстың, жалпы құқық бұзушылықтың алдын алуға септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Е.БЕРКІНБАЕВ
Пікір 1