Қызылорда облысында биыл 1 303 адамды кене шаққан
Биыл облыс бойынша аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына 46 күдікті жағдай тіркелген. Олардың 12-сі клиникалық-зертханалық және эпидемиологиялық жолмен нақтыланды.
Қауіпті кеселге Қармақшы, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласында 1 адам шалдықса, Жанақорғанда – 6 және Шиеліде 3 жағдай тіркелген. Науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы 14 күнге медициналық бақылауда болды.
«Жыл басынан тұрғындар арасында 1 303 адам кене шаққаннан соң медициналық көмекке жүгініп, 14 күн бойы медициналық бақылауда болды. Көктемгі, күзгі эпидемиологиялық маусымда арнайы зоологиялық-паразиологиялық топ құрылады. Олар кенелердің таралуы, дамуы, түрлік құрамы, жұқпалылығы, яғни жалпы эпизоотологиялық жағдайға зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Биыл «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалының зертханасында 2570 кене сынамасы зерттелді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық бақылау департаментінен.