Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сағатымыз сыйласын «сәтті сағат»!

Сағатымыз сыйласын «сәтті сағат»!

Көңіл-күй сыйлап жақсы халыққа шат,
Ауданда орнатылды алып сағат.
Көркейе түсті кенттің келбеті әсем,
Мен де енді көсілейін шабытқа сап.

Өлеңге арқау болар игі істер көп,
Жырлауға жақсылықты жалықпасақ.
Түлектер тарту етті сыйды ерекше.
Құрметін жүрек деген қалыпқа сап.

Осылай Туған жерге тағзым етті,
Астары – тектілікте анықтасақ.
Тұғырлы туған жер ғой қазығымыз,
Биікке құлаш сермеп қалықтасақ.

Негізі адамдықтың асқақ шыңы,
Сүюден туған жерді қалыптасат.
Бірлігі бекем болса перзенттердің,
Әрқашан бақ-береке шалқып тасат.

Елжанды азаматтар ақ батамен,
Қадамын алға қарай анық басат.
Жағымды жаңалыққа көңілі толған,
Әкім риза, ниеттес халық та шат.

Көп алғыс айтылуда түлектерге,
Бәріне нәсіп етсін бақытты асқақ.
Көркейе берсін, біздің Тереңөзек,
Көрік боп тұра берсін алып сағат.
Сырдария биіктерді бағындырып,
Сағатымыз сыйласын «сәтті сағат»!


Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
Ақын
12 тамыз 2023 ж. 187 0