Орталық алаңға алып сағат орнатылды
Аудан айнасы – Тереңөзек кентінің орталығына алып сағат орнатылды. Бұл кенттің келбетін айшықтап, көркіне көрік қоса түсті.
Алыстан менмұндалайтын алтын түстес алып сағаттың ұзындығы 14 метр болса, ені 5 метрді құрайды. Сағаттың кескіні Сыр маржаны – күріштің бейнесіне ұқсайды. Мамандардың айтуынша, сағатты құрастыруға екі айға жуық уақыт кеткен.
Айта кету керек, ерекше сағатты аудан тұрғындарына №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 1980 жылғы түлектері тарту еткен. «Алдағы уақытта сағаттың айналысына гүлзәр орналастырылатын болады. Ерекше дизайнды дүние кент тұрғындары үшін ерекше тарту болды. Туған жерге құрмет көрсеткен мектеп түлектеріне алғыс айтамыз» дейді кент әкімінің орынбасары Ғани Нұртазаев.