Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түлектер тартуы

Түлектер тартуы

Туған жерді түлетуде мектепті сонау 40 жыл бұрын бітірген тү­лектер лайықты үлес қосты. Жа­қында редакцияға жағымды жа­ңалық келіп жетті. Жақсы істің басы қасынан табылған жақсылар 1982 жылы №36 А.Жданов атын­дағы орыс орта мектебін, қазіргі №36 Ә.Тәжібаев атындағы мек­теп-лицейді бітірген 10 «А», 10 «Б» сынып түлектері екен.

Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүрген түлектер осыдан бірнеше жыл бұрын басталған игі істі – аудан орталығындағы алаңға үлкен сағат орнатқан 1980 жылғы түлектердің бастамасын жалғастырып, алаңның абаттануына атсалысты. Әр қиырда жүрген сырдариялықтар туған жерге табан тіреп, игілікті іске жұмыла білді.

– Биыл алтын ұя мектебімізді бітіргенімізге 40 жыл болды. Елдің ақыл айтар ағалары мен ақ жаулықты аналарына айналдық. Осынау мерекеде біз сыныптас­тарымызбен ақылдасып, аудан орталығындағы алаңға 4 орындық пен 4 қоқыс жәшігін алып, орналастырдық. 25 мамыр күні Орталық алаңға жиналып мәре-сәре күй кештік. Күн сайын өзгеріп, көркіне көрік қосып, гүлденіп келе жатқан кент келбетіне риза болдық. Орталық алаңға үлкен сағат қойған мектебіміздің 1980 жылғы түлектердің жақсы бастамасының жалғасы ретінде біз де туған жерге тарту ретінде осылай сый жасадық. Бұл жерлестеріміздің жайлы орындықтарда отырып, демалуына жағдай жасап, кішкене де болса қосқан үлесіміз деп қабылдаңыздар, – дейді жерлесіміз Ләз­зат Сұл­тан­бекқызы.

Әрине, сырдариялықтар қашанда өз елінің жанашыр азаматтарымен мақтанады. Олардың жа­саған жақсылығын көрсетіп, келешектің тұтқасын ұстар жастарға үлгі етеді. Түлектердің тартуы – елге жасалған қамқорлық пен жанашырлықтың жарқын көрінісі.






Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ

04 маусым 2022 ж. 696 0