АЛЫПТАРҒА АЛТЫН БЕСІК
Тасыған қамбасы алтын ырыс қайнап,
Тұғырлы туған жерім күрішті аймақ.
Тоқсан жыл тарихы бар қазыналы,
Тұрады перзенттері ұлы істі ойлап.
Осы елде қанаттанды жас қанатым.
Осында өлең жаздым туған ел деп,
Ойға алған озық болып бастама тың.
Қайраған намысымды жырда менің,
Қашан да табылады Сырдан емім.
Құт қонып, бақ дарыған қаламына,
Қалтайдың кім білмейді туған жерін!
Сұраған Сыр-Анадан халқы несіп.
Сыр елі – ырыс-құттың түп қазығы,
Сырдария – алыптарға алтын бесік.
Ақ күріш халық үшін бақ болған-ды,
Алты Алаш сол ырысты мақтар мәңгі.
Аймақтың символы мен көркі дерсің,
Алтындай жарқыраған ақ маржанды.
Нар ұлы бар қазаққа қорған болған.
Нұр-аға нұрлы істердің нәтижелі,
Негізі бар бастауын Сырдан алған.
Жыр елі алып игі бағаны да,
Жас келді қуаныштан жанарыма,
Жыл санап көркеюде әлхәмшүкір,
Жұртшылық құлаш сермеп жаңаруға.
Ынтымақ ұран болған мың жігітке.
Ық болған қиын кезде сан ұлттарға,
Ыңғайлы Сырдың елі мәңгілікке.
Лағылдай жарқырай бер ордалы ұям,
Лебізім тек өзіңе жыр-дариям.
Лауласын жанған отың мәңгілікке,
Лайым, дами берсін Сырдариям!
Ақтөре Ибрагимұлы,
ақын,
Қазақстан Журналистер
Одағының мүшесі