Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тыным ИБРАЕВА: бірліктің арқасында біраз іс атқардық

Тыным ИБРАЕВА: бірліктің арқасында біраз іс атқардық

Былтыр біз мектеп бітіргенімізге 40 жыл толуына орай сыныптастарымызбен ақылдаса келе, туған жерімізге тарту жасайық деген ниетте шешім қабылдадық. Аталған игі бастамаға Калининград, Санкт-Петербург, Мәскеу, Татарстан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Түркістан, Байқоңыр, Қызылорда және Тереңөзекте тұратын достарымыз белсене атсалысты.

Біз туып-өскен өңір – қазақстандық ақ кү­ріштің Отаны және ауданымыз үшін одан маңызды дақыл жоқ. Күріш өсіру жағы­нан Сырдария ауданы жылма-жыл үздік табыстарға қол жеткізіп келеді. Сондықтан ескерткіш-стелла арқылы Сыр маржанын бейнеледік. Бұл игілігін бүкіл ел көріп отыр­ған күрішіміз алдағы уақытта да жайқала өсіп, халықтың ырысына айнала берсін деген тілектен туындады. Күріш сабағының ұшындағы алып сағат уақыттың қаншалықты құнды екенін, оны бағалау керектігін еске салып тұрғандай. Ал оның күн сайын сағат 07.00-21.00 аралығында соға­тын дабылы тереңөзектiктердi оятып, белсендi болуға, еңбектенуге ынталандыруда деп ойлаймыз.

Осы сыйымыз арқылы, бір жағынан пер­зенттік парызымызды орындайық, екінші жа­ғынан түлектерден жақсы естелік болсын әрі кенттің көркін аша түссін деп ойладық. Ерекше бір атап өтетініміз, сағатты орнатуға ешқандай демеуші тартқан жоқпыз. Ешкімнен ақша сұраған да, алған да емеспіз. Тек өзіміз бірлікпен атқардық. Сондықтан №36 мектептің 1980 жылғы түлектеріне, яғни сыныптастарыма алғыс айтамын. Туған же­ріміз гүлденіп, береке-бірлігіміз арта берсін!

Тыным ИБРАЕВА
13 сәуір 2021 ж. 418 0