Аудандағы ілкімді істер қуантады
Сырдария ауданы – тамыры терең, тарихы кенен, береке-бірлігі бекем киелі өңір.
Қасиетті қарт өзеннің жағасында орналасқан ынтымағы жарасқан Сырдария ауданы бүгінде әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты қарқынды дамып, аймағымызда алдыңғы қатарда жүрген елді мекеннің бірі.
Көзбен көргенді айт деген бар емес па? Жасалып жатқан жұмыстар көзге ұрып, көрініп-ақ тұр. Ауданымызда жыл басынан басталған ең шеткі ауылдар қатарындағы Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл ауылдары бойынша электр желісінің толық ауыстырылуы, осы ауылдарды қаламен жалғайтын үлкен жолдың жөнделуі, Шаған мен Тереңөзекті жалғайтын басты жол Тереңөзек-Шаған жолының жөнделуі қандай керемет. Ауылдар биыл бюджеттен өз еншілерін алып, жолдарын, көше жарықтарын жөндеп, керемет жұмыстар жүргізіп жатыр екен. Мен дән риза болып қуандым.
Кеше Қалжан Ахун ауылынан туғандарым хабарласып ауылға газ кіріп жатыр дегенде көгілдір отынның қызығын тек қана аудан орталығы Тереңөзек қана көрмей, ауылдар да бұдан дәмелі екені төбемді көкке жеткізді. Бұл ауылдар қатарында ақиық ақын Асқар мен лирик ақын Сәкен атындағы ауылдарға да газ кіреді дегенді бір жиында естідім. Не деген керемет жаңалықтар, ағайын.
Тереңөзегімізде өкімет бар кезеңнен проблема болған пойыз жолдың арғы бетіндегі жол еді. Биыл Б.Момышұлы атындағы көшенің барлық бөлігі жөнделіп жатқаны неге тұрарлық жаңалық. Аудан орталығында бірнеше көшелер де жаңаша кейіпке еніп, жол жиегі бардюрлары, көшесі кеңейіп жөнделіп жатыр екен. Аудан жастарының жиналатын жеріне айналған спорт клубтың күрделі жөндеуін айтсам, бұны қолғ алған азаматтар жастар жанашырларының нақ өздері деуге болады. Ауданның қақ ортасында тұрған бұл ғимарат қанша жылдан елге қызмет жасап келеді.
Біраздан бері осы жұмыстарды қуана жазғым келіп жүр еді. Міне, бүгін сәті түсті. Осындай аудандағы ілкімді істердің басында жүрген азаматтарға ерекше алғысымды айтқым келеді. Біздер аналар, әйелдер бұл жұмыстарға қатты қуанамыз және тілеуші болып отырамыз. Істі үлестіріп, басы қасында жүрген аудан басшысы Берік Сәрменбаев пен барлық ол кісінің қосшыларына, ел азаматтарына рахмет айтқым келіп отыр. Керемет жұмыстар жүргізілуде. Болса елде болсын, елдің іші гүлденсін. Ауданымыз қарыштап дамысын, керемет жаңалықтар көп болсын.

Ұлмекен ЖАНӘЛИЕВА,
Сырдария аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы