Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің орынбасары бірнеше елді мекенді аралап көрді

Аудан әкімінің орынбасары бірнеше елді мекенді аралап көрді

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай, аудан әкімінің кеңесшісі Б.Сәрменбаев ауданға қарасты Шаған, Нағи Ілиясов, Шіркейлі, Қоғалыкөл, Бесарық, Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы ауылдық округтерінде болып, салынып жатқан жаңа тұрғын үйлердің құрылысы және Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі жолының (33-39 км), Нағи Ілиясов елді мекеніне кіре берісіндегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қазіргі таңдағы жөндеу жұмыстарының қарқынымен танысты.

Аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартудың негізгі көрсеткіштерінің бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 11 елді мекенде 33 тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға қаржы қаралып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, оның ішінде баспанамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.

Бұл ретте тұрғын үйлердің шоғырланған аймағының инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру маңызды,-деді аудан әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай.

Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан əкімінің орынбасары тиісті сала басшыларына, ауыл әкімдері мен мердігер мекеме басшыларына халық игілігіне жаратуы үшін жол құрылысы мен жаңа үйлердің құрылысын сапалы және барлық стандарттарға сәйкес жүйелі жүргізуді тапсырды.
02 тамыз 2021 ж. 381 0