Тарихы терең өңір көш басында
Қасиетті қарт өзеннің жағасында орналасқан ынтымағы жарасқан аймағымыз бүгінде республикада алдыңғы қатарда жүрген облыстың бірі. Сырдың жағасында орналасқан біздің туған өлке – Сырдария ауданы жыл сайын ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бұл диқаншы қауымның ала жаздайғы төккен маңдай терінің жемісі, әрі қайтарымы. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін Жер-Ананының берген ырзық несібесіне риза. Себебі бұл біздің болашақтағы жейтін нанымыз, тоқшылықтың көрінісі. Ал елдегі саяси науқан қыза түскен шақта баршамыз болып сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру азаматттық парызымыз деп білемін.
Бүгінгі саяси додада еліміз бойынша сайлауға қатысу көрсеткішімен де көш басындағы аймақтардың қатарында болғаны қуанышты жағдай. Статистикалық көрсеткіштер жалпы келушілермен 2 орында болып отыр. Бірлігі жарасқан облыс халқы үшін қуаныштымыз. Ел таңдауы маңызды екенін сезініп, саяси шешім қабылдаған жерлестерімізге алғыс білдіремін.
Осындай маңызды күні қатталып жатқан тарихи күнге өз қолтаңбамызды қалдыруға асығайық. Ел бірлігі мен ынтымағы жарасып, барша сырдариялықтар болып өз таңдауымызды жасайық. Жасай бер, туған ел!
Марат ЕСПЕНБЕТОВ,
Сырдария аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы
Сырдария аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы