Архив құжаттарын цифрлы жүйеге көшіру қарқындады
Елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылып сандық жүйеге көшу бастау алған болатын. Одан бері халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында шаралар тоқтаусыз жүргізілуде. Осы бағдарлама аясында жүзеге асқан жүйенің бірі - архив қоймасында сақтауда тұрған құжаттарды электронды форматқа көшіру.
Архив құжаттарын сақтау, болашақ ұрпаққа түпнұсқалық негізде жеткізу, қолжетімділігін арттыру мақсатында цифрландыруды жолға қою өте маңызды. Жалпы құжаттарды цифрландыру дегеніміз - құжаттарды сканерлеу арқылы түпнұсқалығын бүлдірмей оның электронды форматта сақталуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта 2013 жылдан бері «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ - нің «Сырдария аудандық архиві» филиалында сақтауда тұрған құжаттарды сандық форматқа көшіру толықтай жолға қойылды. Қоймада сақтауда тұрған мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден алынған маңызды құжаттарды атап айтқанда жеке құрам бойынша және негізгі қызметке байланысты бұйрықтар, айлық жалақы есептеу ведомостері, қаулылар, шешімдері және басқа да тұрақты сақталатын құжаттар сандық форматқа көшірілуде. Бұл құжаттарды толығымен цифрландырып, азаматтардың қажеттілігін өтеу - архив қызметкерлерінің міндеті.
«Сырдария аудандық архиві» филиалынның қызметкерлері, архивте сақтаулы құжаттарды сауаттылықпен, ұқыптылықпен цифрлы жүйеде сақтап, түпнұсқасының құндылығын жойылмауын үнемі назарда ұстайды.
Ж.Майханов,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің «Сырдария аудандық архиві»
филиалының ақпараттық технологиялар бойынша инспекторы
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің «Сырдария аудандық архиві»
филиалының ақпараттық технологиялар бойынша инспекторы
Фото: ашық дереккөзден