Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Архив саласының қызметі ұстаздарға таныстырылды

Архив саласының қызметі ұстаздарға таныстырылды

Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде  Сырдария аудандық архивінің жоспарына сәйкес, ұстаздармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сала мамандарына арнап, «Аудандық архив құжаттары тарих үшін маңызды» тақырыбында аудандық архив филиалының басшысы Р.Турикбаев баяндама жасады.

Сала басшысы өз баяндамасында архив туралы түсініктеме, архив тарихы, архивтік құжаттамалар, "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы негізіндегі "е-Архив" жүйесі туралы кеңінен ақпарат берді. Тарихы терең жатқан құжаттарды сақтауда өзіндік үлес қосып келе жатқан архив қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап,  негізгі міндеттерді тізбектеді. Әрбір салаға байланысты жинақталған құжаттар құндылығын еш уақытта жоймайтындығына баса назар аударды.  Өз кезегінде Р.Турикбаев "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде жасалып жатқан жұмыстарды саралады.

Бұл ретте,  колледж директоры Д.Қожахметов  архив тетарихтың тереңінен сыр шертетін құнды құжаттар сақталатын дығын жеткізді. Мемлекет үшін қайталанбас мәні бар түпнұсқалардың жинағы – тарихтың деректі м ол екенін тілге тиек етті. Архив саласы ұлттық қалыптасуымыздың кемелдену жолындағы баға жетпес асыл қазына екендігін айтып өтті.
01 желтоқсан 2022 ж. 642 0