Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құнды құжаттар қазынасы

Құнды құжаттар қазынасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен архившілер күні аталып өтіледі. Атаулы күн сан түрлі ақпаратпен қоғам мүддесі үшін жұмыс істейтін архившілердің қыз­метін, мерей мәртебесін арттыру мақсатында белгіленді.

Архив – мемлекеттің тарихын сақтау ба­ғытында жұмыс жасайды. Тарихи дерек­тердің негізгі қоры мен құнды құжат­тар архивке тие­сілі. Сонымен қатар, адам өмірінде де архив маңызды рөлге ие. Себебі, адамдардың еңбек еткен жылдары туралы деректер, марапаттары, қаржылық аударымдар мен жеке мәліметтер архивте сақталады. Сондықтан ар­хивтік деректер кез келген азаматтың эко­номикалық, саяси және әлеуметтік дамуы­ның құнды жәдігері болып саналады.

Сырдария аудандық архиві құрылған 1988 жылдан бастап ауданның даму кезеңдеріне сай құнды құжаттарды сақтап келеді. Бүгінде 137 қорда 36939 құжат сақтаулы. Архив қызметкерлері саланың дамуына сүбелі үлес қосуда.

– Аудан тарихын, халқымыздың алтын қо­рын көздің қарашығындай сақтау – біздің міндетіміз. Соңғы жылдары архив саласын оңтайландыру міндеті қойылды. Мемлекеттік қызметті автоматтандыру уақытты үнемдеуге әрі қажетті құжатқа жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жеке және заңды тұлғалар «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет түрін алу үшін өз сұраныс-өтініштерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы және www.e-gov.kz «электронды үкімет» веб-пор­талы арқылы тапсыра алады. Бұл өз кезе­гінде қандай да болмасын кедергілерді бол­дырмауға септігін тигізеді. Сонымен бірге, қызметтің автоматтандырылған түрі архив саласы қызметкерлеріне деген сенімді нығайтып, қағазбастылық пен әуре-сарсаңның алдын алады. Еліміздің дамуына үлесін қосуды және халыққа адал қызмет етуді үлкен мін­дет деп санайтын Сырдария аудандық филиалы архивистерін кәсіби мерекелерімен құт­тық­таймын, – дейді филиал басшысы Р.Түрікбаев.

Биылғы жылы толағай жетістерге жеткен аудандық архив қызметкерлері Г.Мейрамбе­кова мен Ж.Әбіләшімов ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Архив ісі қызметкерлері күні мерекесіне орай Қызылорда облысының мем­лекеттік архиві басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ, архив ісінің дамуы бағытында 33 жылдан бері абыройлы қызмет етіп келе жатқан бірінші санатты архивист Р.Саметова мен филиал басшысы Р.Түрікбаев аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Өз ісінің білгірлері архив қорына келіп түскен әрбір құжатты көздің қарашығындай сақтап, сол қалпында ұстауды жауапкершілікпен ат­қарып келеді. Мемлекетіміздің кешегісі мен бүгінін, ел тарихын қорғап, қасиетті борышына адал архившілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз.

Бибісара ЖАНӘЛІ 
25 желтоқсан 2021 ж. 384 0