Нашақорлық – адамзаттың қас жауы
Нашақорлық мәселесі бүгінде тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде орын алған ғаламдық дертке айналып отыр. Қиындықты шешудің оңай жолы көретін бұл дертпен күресу, алдын алу туралы көптеген шаралар атқарылып келеді. Десек те, тәуелділіктің бұл түрі тоқтар емес. Сондықтан нашақорлықпен күрес толастамақ емес.
Адамдардың психикасына тікелей әсер ететін өсімдік тектес және синтетикалық заттық негізгі химиялық қосындыларының барлығы келешек ұрпағымыздың тамырына балта шабуда. Осындай кеселмен күресу үшін құқық қорғау қызметкерлері мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында көптеген іс-шараларды іске асыруда. Дегенмен қоғамымызда құқық бұзуға бейім адамдар бар екені мәлім. Сондықтан бұл дертті жеңу үшін бәріміз бірігуіміз керек.
Көпшілікті нашақорлыққа итермелейтін көптеген факторлар бар. Бірақ одан аулақ болу керек. Себебі, біріншіден, нашақорлық денсаулықты бұзады. Оның құрамындағы улар барлық ағзаға зиянды әсер етіп, жүйке жүйесін зақымдайды, өмірді қысқартады. Тағы бір қауіп – көптеген жазылмайтын аурулардың жұғуы. Осындай жағымсыз әсерлерді біле тұра оны қолданудың маңызы қандай?
Екіншіден, есірткі жақындарыңызбен қарым-қатынасты бұзады. Бала, жасөспірім немесе ересек адам заңсыз заттарды қолдана бастағанда, оның бүкіл әлемі жойылады. Дозаны сатып алуға тырысқанда нашақор кез келген әрекетті жасайды: тонайды, үйден ақша мен құнды заттарды алып кетеді, тіпті қажет нәрсені алу үшін күш қолданады. Есірткі әсеріндегі адам есінен танып қалады. Осылайша, ол жанындағы достарын, туыстары мен жақындарын алыстатып алады.
Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүние жүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздеуде. Елімізде де нашақорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуде. Нашақорлық – еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның болашағы үшін аянбай күресуіміз керек.
Осындай кеселдің адам өмірін құртып жатқанын түсіне отырып, барлық қоғам өкілін саламатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Жарқын болашаққа қол жеткізіп, мемлекетіміздіңдамуына үлес қосайық. Нашақорлық дертінің алдын алуда бірігіп күрессек қана, нәтижеге қол жеткіземіз!
Индира БАКИРОВА,
Тереңөзек кенті әкімі аппаратының бас маманы
Тереңөзек кенті әкімі аппаратының бас маманы