Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға 

Нашақорлық мәселесі бүгінде тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде орын алған ғаламдық дертке айналып отыр. Қиындықты шешудің оңай жолы көретін бұл дертпен күресу, алдын алу туралы көптеген шаралар атқарылып келеді. Десек те, тә­уелділіктің бұл түрі тоқтар емес.

Жасөспірімдер есірткіні әртүрлі себептермен қолданады. Біреу үл­кендер қойған тыйымдарды бұзып, бәрі айтып жүрген сол бір тыйымды сынап көреді. Кейбір жасөспірімдер ата-анасымен, достарымен, сыныптастарымен қиындықтардан құтылу үшін есірткіге жүгінеді. Тіпті, жастар өздерінің «мықты», «батыл» еке­нін дәлелдеу үшін заңсыз заттарды қол­данып көреді.

Көпшілікті нашақорлыққа итерме­лей­тін көп­те­ген факторлар бар. Бірақ одан аулақ болу керек. Себебі, біріншіден, нашақорлық денсау­лық­ты бұзады. Оның құ­ра­мындағы улар барлық ағзаға зиянды әсер етіп, жүйке жүесін зақымдайды, өмірді қыс­қартады. Тағы бір қауіп – көптеген жазылмайтын аурулардың жұғуы. Осындай жағымсыз әсерлерді біле тұ­ра оны қолданудың маңызы қандай?

Екіншіден, есірткі жақындарыңыз­бен қарым-қатынасты бұзады. Бала, жасөспірім немесе ересек адам заң­сыз заттарды қолдана бастағанда, оның бүкіл әлемі жойылады. Дозаны сатып алуға тырысқанда нашақор кез келген әрекетті жасайды: тонайды, үйден ақша мен құнды заттарды алып кетеді, тіпті қажет нәрсені алу үшін күш қолданады. Есірткі әсе­ріндегі адам есіннен танып қалады. Осы­лайша, ол жанындағы достарын, туыс­тары мен жақындарын алыстатып алады.

Нашақор болған адам отбасын ұмыта бастаса, ата-ана өзін кінәлай бастайды, үмітсіздіктен бірін-бірі кінә­лайды. Ата-ана баласының өшіп бара жатқанын көргенде қандай се­зім­де болатынын елестету өте қиын.
Бүгінде елімізде жастар мен жас­­өспірімдер арасында нашақор­лық­тың алдын алу шаралары көптеп ұйымдастырылып келеді. Есірт­кі қыл­мысына қарсы іс-қимыл басқар­масы, ұстаздарымыз, ерікті жас­тар белсенді түрде бұл індетпен айқасып келеді.

Бұл мақаланы жазбас бұрын мен өзіме «Өз достарым арасында бұл індеттің алдын алу үшін не істей аламын?», «Бұл мәселемен күресуде мен қандай көмек тигізе аламын?» деген сұрақ қойдым. Мақаламды қатарластарыма, жалпы, жас­өспі­рімдерге үндеу ретінде жолда­ғым ке­леді.

Өмір – адам үшін ең қымбат сый. Ал нашақорлық өзін-өзі жоюға және ажалға апаратын тікелей жол. Өзіңді тұлға ретінде қалыптастырып, дені сау азаматқа айналғың келсе, жаман әдеттерден аулақ бол.

Құрметті жас дос! Сені өзіммен бірге есірткіге қарсы күреске шақы­рамын. Еліміз үшін атқарылатын игі істерге белсене араласайық!

Ақерке Шакратова,
№36 Ә.Тәжібаев атындағы
мектеп-лицейдің
10-сынып оқушысы

Жетекшісі Әйгерім Сағатова,
№36 мектеп-лицей тәлімгері
01 қараша 2022 ж. 438 0