Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Нашақорлық - қоғамымыздың  маңызды мәселелерінің біріне  айналып  отыр. Адамдардың психикасына тікелей әсер ететін өсімдік тектес және синтетикалық заттық негізгі химиялық  қосындыларының барлығы келешек ұрпағымыздың тамырына балта шабуда. Осындай кеселмен күресу үшін полиция қызметкерлері  мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында көптеген іс-шараларды іске асыруда. Дегенмен қоғамымызда құқық бұзуға бейім адамдар бар екені мәлім. Сондықтан бұл дертті жеңу үшін бәріміз бірігуіміз керек.                

Мектеп қабырғасында осы індетті алдын алуда облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен көптеген шаралар дәстүрлі түрде өтуде. Олар: дабыл қағушылар, бал билері, фотосурет және граффити т.б сайыстар. Біздер осындай сайыстардың, семинарлардың арқасында нашақорлықтың ең жаман кесел екенін ұғынып жүрміз. Менің өзім осы мақала жазуда ұзақ ойландым.    

Орта буынның оқушысы болсам да осындай кеселдің өмірімізді құртып жатқанын түсіне отырып, барлық жас буын өкілдерін  салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Нашақорлық бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Жарқын болашаққа қол жеткізіп, мемлекетіміздің  дамуына үлес қосуға шақырамын. Нашақорлық   дертінің  алдын  алуда бірігіп, тәрбиені отбасынан бастап қолға алуымыз керек  деп  ойлаймын.

Ерболатқызы Жания,
№36 Ә.Тәжібаев атындағы
мектеп-лицейдің  5 «Б» сынып оқушысы
04 қараша 2022 ж. 248 0