Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырысы өтті
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Б.Сәрменбаев төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы мекемелердің және құқық қорғау органдарының басшылары қатысып, күн тәртібіне сәйкес, 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда:
Бірінші: «Есірткі бизнесіне қарсы күресте мүдделі органдармен атқарылып жатқан шаралар туралы» (баяндамашылар: Сырдария аудандық полиция бөлімібастығының міндетін атқарушы Оспанов Азамат Айдуллаевич; Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері - Үсенов Жалғасбек Тұрлыбекұлы).
Екінші: «Есірткі егу алқаптары анықталған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға заңмен белгіленген жауапкершіліктерін түсіндіру жұмыстары туралы» (баяндамашы: Сырдария аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы – Жұмабеков Нұрбол Баянәліұлы).
Үшінші «Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді енгізу жобасының кейбір мәселелері туралы» ( баяндамашы: Сырдария аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы– Оспанов Азамат Айдуллаевич)
Аудан басшысы өзекті мәселе бойынша тиісті ұсынымдар енгізіп, комиссия отырысының қорытындысымен бойынша жауапты мекеме басшыларына «Есірткісіз аймақ» жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуына тиісті тапсырмалар беріп, бақылауға алды.