Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылық мәселесі өзектілігін жоймайды

Құқық бұзушылық мәселесі өзектілігін жоймайды

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен 2021 жылдың IІ тоқсанындағы Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің басшысы, аудандық мәслихаттың хатшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары және комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Комиссия отырысындағы бірінші мәселе бойынша «2021 жылдың І жартыжылдығында мүлікке қарсы қылмыс оның ішінде мал ұрлығын алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы» аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев, ал екінші мәселе бойынша «Есірткі егу алқаптары анықталған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және жер учаскелердің иелері мен жер пайдаланушыларға жауапкершіліктерін түсіндіру жұмыстары туралы» аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бекмұрат Омаров және үшінші мәселе бойынша «Әлеуметтік осал топтағы отбасылар арасындағы балалардың мәселелері туралы» аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жеңісбек Ашықбаев баяндама жасады.

Хабарламашылар құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында нақты жұмыстар атқарылып, қылмысты болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң аудан басшысы тиісті тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, комиссия отырысы барысында аудан әкімі өңірдегі эпидахуал күрделеніп отырғанын атап, сақтық шараларына аса мән беруді ескертті.
01 шілде 2021 ж. 765 1

Rudy от 9 маусым 2025 07:30
Incredible plenty of wonderful info. casino en ligne francais Amazing loads of awesome tips. casino en ligne France Useful content With thanks! casino en ligne Many thanks! Plenty of knowledge! casino en ligne Useful stuff Thanks a lot! casino en ligne Nicely put. Thanks a lot! casino en ligne France Truly all kinds of beneficial knowledge! casino en ligne Great tips Cheers. casino en ligne francais You actually stated it perfectly! casino en ligne francais You stated that well! meilleur casino en ligne