Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Комиссия отырыстары өтті

Комиссия отырыстары өтті

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстары өткізілді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, прокуратура және аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысты.

Алғашқы отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде 2 мәселе қаралды.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында атқарылған шараларды аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Досбол Әлшеров баяндады. Мұнан соң Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппаратымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар бойынша ауыл әкімінің міндетін атқарушы Ережеп Есенкелдіұлының баяндамасы тыңдалды.

Комиссияның екінші отырысында есірткі бизнесіне қарсы күресте мүдделі органдармен атқарған жұмыстар бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев сөз алса, екінші мәселеде аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Жадыра Ұзақбаева есірткі егу алқаптарында анықталған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы айтып өтті. Сонымен қатар жер учаскелердің иелері мен оны пайдаланушыларға жауапкершіліктерін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалды.



Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
08 шілде 2022 ж. 454 0