Балалардың қауіпсіздігі басты назарда
Аудан әкімнің тікелей тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев оқу жылын аяқталу маусымына сәйкес, балалардың жазғы тынығуы және қауіпсіздік мәселелері бойынша мектеп директорларымен кездесті. Кездесуге аудандық прокуратура, төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық полиция бөлімі қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында оқу жылын аяқтау және балалардың жазғы тынығуын ұйымдастыру бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков хабарлама жасады.
Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев хабарламашының баяндамасына сәйкес, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда:

1) Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балаларын, мүгедек балаларды, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды, үздік оқушыларды, мектепішілік және полиция бөлімдерінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды сауықтыру демалысымен қамтамасыз ету;
2) Оқу жылын аяқтау шараларында бітірушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында құқық қорғау органдарымен бірлесіп тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастыру;
3) Мектеп жанындағы күндізгі лагерлердің жұмысын санитарлық талаптарды сақтай отырып, тиімді ұйымдастыру;
4) Үйлерде, жалдамалы үйлерде, кафе, ресторандар да отырыстар өткізу және картежге шығуына қатаң тыйым салу;
5) Балаларды сауықтыру демалысы кезінде өрт қауіпсіздігін, олардың өмірі мен денсаулығын, судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар және басқа да мәселелер.