Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан мен ауылға жұмысқа барған мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі

Аудан мен ауылға жұмысқа барған мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» бұйрық-жобасын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатта жазылғандай, енді ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін барған мамандарға мына мөлшерде жәрдемақы беріледі:

- көтерме жәрдемақы – 100 АЕК-тен (345 000 теңге) аспайды;

- тұрғын үй сатып алу немесе салуға әлеуметтік қолдау үшін бюджеттік кредит - аудан орталықтарына келген мамандар үшін 2500 АЕК-тен (8 625 000 теңге) аспайды;

- ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 000 АЕК-тен (6 900 000 теңге) аспайды.

«Осы бұйрықтың 1-тармағының 2 тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

- тұрғын үй сатып алу немесе салуға әлеуметтік қолдау үшін бюджеттік кредит – 1 500 АЕК (5 175 000 теңге) аспайды», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған министр бұйрығында.

Яғни, келер жылға дейін аудандар мен ауылдарға барған жас мамандарға үй алу үшін 5,1 млн теңге берілсе, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл сома ауданда 8,6 млн, елді мекендерде 6,9 млн теңге болып бекітілмек.
31 мамыр 2023 ж. 113 0