Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы мөлшері 7 процентке өсті

Зейнетақы мөлшері 7 процентке өсті

"2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 7 пайызға өсті, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 38 636 теңге болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5 пайызға өсті, оның ең төменгі мөлшері - 16 839 теңге. Бұл өсім 2 миллионнан аса зейнеткерге әсер етті.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты мүгедектігі бойынша, сондай-ақ асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 5 пайызға артты.

Нәтижесінде бірінші топтағы жалпы аурудан мүгедектік бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 59 872 теңге, екінші топ - 47 710 теңге, үшінші топ - 32 431 теңге. Асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы асырауындағы адамдар санына байланысты 26 818 теңгеден 65797 теңгеге дейін болды.

Сонымен бірге, жетім балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері әрқайсысы үшін 36 796 теңгені құрады, бірақ отбасының барлық мүгедек мүшелері үшін 79 829 теңгеден аспайды. Бұл өсім шамамен 680 мың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға әсер етті.

Айлық есептік көрсеткіш шамасының өзгеруіне байланысты 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап № 1 және № 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері де 5 пайызға артты.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап № 1 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері 24 973 теңге, № 2 тізім бойынша - 22 216 теңге.

06 қаңтар 2020 ж. 867 0