Аса қауіпті тырысқақ ауруы жөнінде білесіз бе?
Тырысқақ – жедел ішек инфекциясы тобына жататын, аса қаіпті жұқпалы ауру. Тырысқақтың қоздырғышы холера вибрионы болып табылады. Аурудың жұқпа көзі науқас адамдар және вибрион тасымалдаушылар, әсіресе іші өткен, құсқан науқастар аса қауіпті, олар сыртқа көп мөлшерде тырысқақтың қоздырғыштарын бөліп шығарады. Тырысқақтың қоздырғышы науқас адамның нәжісі, құсығы арқылы суға, тамаққа, киім-кешекке, ыдыс-аяққа, көрпе-төсекке т.б жерлерге түседі. Ауру адамның аузы арқылыда жұғады.
Тырысқақ ауруының таралуына, әсіресе судың маңызы зор. Қоздырғышпен ластанған суды ішкенде, шаруашылыққа пайдаланғанда, немесе жеміс – жидектерді, көкіністерді жуып, шайған кезде адамға жұғады. Кесел су арқылы жұқан кезде бір мезгілде бұрық етіп, халық арасында тез тараайды. Тырысқақтың қоздырғышымен ластанған тамақтарды ішкен адамдар ауруға шалдығыды. Қоздырғыштардың азық-түлікке түсуіне вибрион тасымалдаушылар себеп болады. Тырысқақтың қоздырғышы өте жұққыш. Ауруды шыбындарда таратуы мүмкін. Олар қоздырғыштарды нәжісінен немесе құсығынан тамаққа, азық-түлік, көкіністерге тасымалдайды. Тырысқақтың вибрионы адамдардың аш ішегін зақымдайды, денені қатты улайды.Бұл қауіпті кеселдің инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 5 күнге дейін, көбінесе 2-3 күнге созылады. Тырысқаққа тән нәрсе аурудың бірден жедел түрде, аяқ астынан басталуы. Аурудың алғашқы белгісі іштің өтуі. Науқастың іші ауырмайды, дерттік күшену болмайды, нәжісі сұйық, түсі лайлы ақ түсті келеді. Сұйықтықта жүзген үлпікті көруге болады. Науқастың нәжісі күріштен жасалған қайнатпаға қатты ұқсаас, іші жиі өтеді.Үсті-үстіне құсады. Құсықтың түрі де күріштен жасалған қайнатпаға өте ұқсас болады. фекальді-оральді механизимімен берілетін, жедел іш ауруымен басталып, интоксикацияға ұласатын, сулы-тұзды және белок алмасуы бұзылатын, ағзаның сузыздануымен ерекшеленеді. Аурудың бұл көріністеріне балтыр, саусақ, аяқ еттердің ауырып, құрысып тырысуы қосылады. Дене қызуы 35градусқа дейін төмендейді. Соған қарамастан ауру адам тоңғанын сезбейді, ал кейде «ыстықтадым» деп шағымданады. Беті, қолы, аяғы көгеріп, жағы солып, ұрты ішіне кіріп кетеді. Көзі сығырайып, суланып тұрады, дауысы әлсіреп әрең естіледі. Зәр шығарудан қалады. Ауру адамның мұндай күйі бірнеше сағаттан 2 тәулікке дейін созылады. Сырқат адамға медициналық көмек көрсетілмесе, ағзаның сусыздануынан адам өліп кетуі мүмкін. Сондықтан ауру белгілері біліне бастағаннан дәрігерге көрінген жөн. Тырысқақ қатерлі ауру, бырақ жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаса, оның алдын алуға болады. Іш өтіп, жүрек айнып, лоқсыса, өз бетінше ем-дом жасамай дереу үйге дәрігер шақыртқан абзал.
Аурудың алдын-алу шаралары: Аурудың алдын-алу мақсатында жаз мезгілінде дәрігерге тексеріліп, белгіленген жерлерге шомылып, көкініс және жеміс-жидектерді таза суға жуып пайдаланған аса маңызды. Сондай-ақ жеке бас гигиенасын, әсіресе балалар арасында қатаң сақтау қажет. Ауыз суды міндетті түрде қайнатып ішу керек. Ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық айдындардың суын пайдаланбаңыз. Дайындалған тағамдарды ашық қалдырмаңыз, шикі тамақтардан бөлек сақтаған жөн. Жылдам бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтаңыз.Тырысқақ қоздырғышы адам ағзасына тек ауыз арқылы ғана өте алады. Тамақ ішер алдында қолды міндетті түрде сабындап жуған дұрыс. Пәтерді үй айналасын таза ұстап, уақытылы залалсыздандыру жүргізіп, дәретхана мен қоқыс жәшігің тазалап тұрған жөн. Шыбындармен күресті күшейтіп, олардың тамақ беттеріне қонбауын қадағалаңыз. Жазғы айларда тез бұзылатын тағамдарды көп сақтамау қажет.Тамақ дайындау, сақтау, тасымалдау ережелерін қатаң сақтаңыз.
Міне, осындай қарапайым ережелерді сақтаудың өзі тырысқақты болдырмауға, оның таралмауына көмегін тигізеді және аурудан сақтанудың бірден бір жол екендігін сіздерге жеткіземін. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: ашық дереккөзден