Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Вирусты гепатиттен сақтану жолдары қандай?

Вирусты гепатиттен сақтану жолдары қандай?

Вирустық гепатит – бауырды қабындыратын жұқпалы ауру. Бұл вирустар түрлі жолмен беріледі: А және Е гепатиті – вируспен ластанған азық-түлік пен су арқылы және тұрмыстық байланыс кезінде адамнан адамға жұғады. В және С гепатиті – қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде және жүктілік кезінде анадан балаға жұғады. D гепатиті – жеке жұқпайды, ол тек В гепатитімен бірге дамиды.

В және С гепатиттері созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозына немесе бастапқы бауыр обырына әкеп соғуы мүмкін.

Гепатитті жұқтырмаудың негізгі қағидалары:

Ең алдымен, А және В гепатитіне қарсы егілу қажет. Таза су ішіп, көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, термиялық өңдеуден өткізу қажет. Осылайша В гепатитінен сақтануға болады.

Микроскопиялық мөлшердегі қан ұстарада, тіс щеткасында, тырнақ алатын қайшыда қалып кетуі мүмкін. Бұл заттарды басқалармен ортақ қолданбау керек. Стерильденбеген құралдармен пирсинг және татуировка жасатпаған жөн. Жөнсіз жыныстық қатынастан аулақ болу.

Халыққа вакцинация жүргізу арқылы А, В және Е гепатитінің алдын алуға болады. В және С гепатитімен күресте – донорлық қанды тексеру, стерильдік инъекциялық жабдықтар және инфекциялық бақылау болғаны жөн.



Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
18 тамыз 2022 ж. 384 0