Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыға 10 азамат Үндістаннан қауіпті ауру жұқтырып келген

Алматыға 10 азамат Үндістаннан қауіпті ауру жұқтырып келген


Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимованың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оның ақпаратынша, авиарейстер ашылған сәттен бастап тікелей Алматы қаласынан Үндістанға Нью-Дели мен Гоадан 17 000-нан астам жолаушылар ұшып келді, соның ішінде 4 322-сі Үндістан азаматтары. Казіргі уақытта Алматы қаласында 10 әкелінген тырысқақ ауруы тіркелген, олардың ішінде 8-і Алматы қаласының азаматтары, 2 – Үндістан Республикасың азаматтары. 10 жағдай тырысқақтың 5-еуінде қауіпті – токсигенді түрі, 5-еуінде – токсигенді емес түрі.
«2018 жылы 5 науқастың тырысқақты жұқтырған жері шамамен Үндістанның Гоа штаты екендігі эпидемиологиялық зерттеу кезінде анықталды. Қазақстан Республикасының саяхатшылары қыстың суығында Үндістанның жылы жеріне қызығып, туристік сапар шегуі мен Үндістаннан саяхатшылар тобы күн сайын келуі эпидемиялық жағдайды күрделендіріп отыр», - деп сөзін толықтырды Департамент басшысы.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті эпидемияға қарсы (профилактикалық) барлық мүмкіншіліктерге сүйене отырып, іс-шараларды жүргізді, ол туралы қоғамдық денсаулық сақтау Комитетіне 2017 жылғы 07.12. шығыс № 4446/10-15 алдында жіберілген хатында көрсетілген, сонымен қатар ақпараттар Алматы қаласы ҰҚКД, Алматы қаласы прокуратурасына және ҚР ДСД ҚДС Комитетіне мемлекеттік шекараны аса қауіпті жұқпалы аурулардың әкелінуінен қорғау бойынша «Эйр-Астана» авиакомпаниясы қызметшілерінің жұмыстарының қанағаттандырарлықсыз екенін, ҚР инвестициялау және даму министрлігімен бекітілген 2017 жылғы 06.06. №329 бұйрығының 40 б. «Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету ережесі» талабына қарамастан, соңғы айларда Нью-Дели – Алматы КС 908 рейсі ұшағына аса қауіпті жұқпалы аурудың белгілері бар жолаушыларды отырғызуға рұқсат бергендері туралы ҚР ДСД ҚДСК басшыларына (2017 жылғы 23.11. шығыс №6012/19-16.10-15) хат жолданған.
Алматы қаласына бірнеше рет әкелінеген тырысқақ жағдайының қалыптасқан ахуалы туралы Нью-Дели – Алматы КС 908 рейсімен Үндістаннан туристік топтарының келуіне байланысты, олардың ұшар алдында медициналық анықтамасыз шыққанын, сонымен қатар РК ШІМ арқылы қолайсыз елдерден әкелінген тырысқақтың жаңа жағдайын болдырмаудың алдын алу іс-шараларын қолдануды қарастырып, оны қабылдауын сұрап өтініш берілген.
2017 жылдың 22 қарашасында туристік топтарын алып келген Дели қаласы (Индия) Prasad SantoshMr туристік фирмасының басшысымен саяхаттаушыларға эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету туралы, соның арқасында 2017 жылдың 22 қарашасынан бастап Үнді саяхатшылары Қазақстанға туристік сапарға шығар алдында міндетті түрде медициналық куәләндыруы туралы келісім жасалынған; ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне Алматы қаласының тұрғындарына төнген қауіп және оның бетін қайтару мақсатында Индия мемлекетінен келетін туристердің келуіне арнайы санитарлық ережелерінің талабына сай шектеу қоюдың қажеттілігі туралы ақпарат жолданды.

https://baq.kz/kk
09 ақпан 2018 ж. 1 282 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 05:29
Buy Doxycycline For Humans canadian pharmacy cialis 20mg Amount Of Amoxicillin For Urinary Infection

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 05:54
Kamagra Venta Libre cialis 5mg best price Genraic Viagra For Men