Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді

Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді

Қазақстанда 172 мың түлек мектеп бітіреді, оның ішінде 6,8 мың оқушы -  «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысы барысында айтты. 

«Биыл Қазақстан мектептерінде 3,7 млн астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек «Алтын белгіге» үміткер», деді министр Үкімет отырысында.

Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында өткізу жоспарланған.

Аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 20-22 маусым аралығында өтеді.

Сондай-ақ қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5-19 маусым аралығында өтеді.
25 мамыр 2023 ж. 247 0