Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 89 газет

16 қараша 2019 ж.

№ 88 газет

12 қараша 2019 ж.

№ 87 газет

09 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 5196 ТҮЛЕК ҰЛТТЫҚ СЫНАҚҚА ҚАТЫСАДЫ

БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 5196 ТҮЛЕК ҰЛТТЫҚ СЫНАҚҚА ҚАТЫСАДЫ


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Ақзира Қасымова мәлімдеді.
Биыл облыс мектептерінде 7102 түлек орта оқуын тәмамдап, оның ішінде 5196 бала ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Бұл мектеп бітірушілердің 73,1%. Аймақ бойынша 9 тестілеу пункті, оның екеуі Қызылорда қаласында, қалғандары аудан орталықтарында жұмыс жасайды.
  "Тестілеу кезінде сынақ тапсырып жатқан талапкерлерді әр адам онлайн трансляция арқылы көре алады. Елді мекендерден балаларды тасымалдау, тамақтандыру және жатын орындарымен қамтамасыз ету үшін қажетті қаржы мәселесі толық шешілген", - деді Ақзира Қасымова.
  Мектеп бітірушілер үшін қорытынды аттестаттау 29 мамыр - 30 маусым аралығында жүргізіледі. Олар мектеп базасында өтетін мемлекеттік аттестаттауда ана тілінен (эссе), Қазақстан тарихынан, алгебра және анализ бастамаларынан, орыс тілінен және таңдау пәнінен емтихан тапсырады. Сонымен қатар, 15 маусымға дейін бітірушілерге орта білім алғаны туралы аттестат беріледі. Ал, ЖОО түсетіндер үшін 20 маусым - 1 шілде аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу жүреді.
  «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша биыл бөлінген 20 мың гранттың 16 мыңы бакалавриатқа, оның ішінде 11 мыңы техникалық мамандықтарға, 3 мыңы магистратураға, 1 мыңы PhD доктарантураға бөлінді. Бұл мектеп түлектеріне, оқу орнына түсуші талапкерлерге берілген зор көмек. Өткен жылы білім грантының саны 7 мыңға көбейсе, биылғыдай көрсеткіш бұрын болмаған. Бұл түлектер үшін мемлекеттік грант есебінен білім алуға жасалған үлкен мүмкіндік", - деді Ұлттық тестілеу орталығы Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Асқар Еңсепов.
  Биыл 343 түлек «Алтын белгі», 227 оқушы «Үздік аттестат» алуға үмітті.




27 сәуір 2018 ж. 418 1

Гость JeaOrer от 12 наурыз 2019 14:22
Online Prednisone viagra prescription Want to buy isotretinoin free doctor consultation Kamagra Pharmaceuticals Co Uk Amoxicillin Urine
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам