Аудан жастары жақсы іске бастамашы болды

Сырдария ауданының жастары қашанда кез-келген қиындыққа тап болған жандарға көмек көрсетуді әдетке айналдырып келеді.
Жақсылыққа жаны құмар "Сырдария жастары" еріктілер штабының мүшелері өрт оқиғасы болған жерге барып, өрттен қалған заттарды тазалау арқылы көмек көрсетті.
Тұрғын үйлердің ауласын үйінділерден тазартып, қалыпқа келтірді.
Жас кәсіпкер, «Углесбыт» ЖШС-нің атқарушы директоры Фархат Расулұлы бауырымыз қолдау көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Ауыл тұрғындары ауызбірлігі мол аудан жастарына ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.
Жастар – қашанда қоғамның қозғаушы күші.