Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудан жастары көшет отырғызды

Аудан жастары көшет отырғызды

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында аудан жастары мен "Сырдария жастары" еріктілер штабының мүшелері жаппай сенбілікке шықты.

Жастардың қоғамдық жұмыстарға белсенділігі мен еңбек қарым-қатынасын арттыру мақсатында «Ауданымызды жасыл желекке айналдырамыз» атты көшет отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Кент мәдениет үйінің ұжымы көңілді музыка қосып, жастардың жұмыс жасауына серпін берді.

Мұнан соң іс-шара көңілді сенбілікке ұласып, барлық жастар өзара команда жасақтап, ұлттық ойын түрі "Арқан тартыс" сайысына қатысты. Жеңімпаздар аудандық жастар ресурстық орталығының дипломдарымен марапатталды.

Аудан жастары көтеріңкі көңіл-күймен, жанашырлықпен тазалық жұмыстарын жүргізді.

Ауданымызды таза ұстау, көркейту өз қолымызда. Таза аудан, таза ауа – денсаулықтың нышаны. Сондықтан барлық жастарды осындай игі іске атсалысуға шақырамыз.
02 сәуір 2023 ж. 466 0