Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлік танытатын кез келді

Бірлік танытатын кез келді

«Өрт – тілсіз жау» деп бекер айтылмаса ке­рек-ті. Сәуір айының басы ауданға қарасты А.Тоқмағамбетов ауылы үшін сынақпен басталды. Ауылдағы Е.Боран­баев көшесіндегі №7, 9, 11 үйлер өртеніп, үш бірдей отбасына шығын келді.

Ауыл әкімі Ғ.Алданазаровтың айтуынша, өрт оқиғалары желді күні орын алған. Тілсіз жау әп сәтте таралып, бірнеше үй өртеніп кеткен. Салдарынан үш бірдей отбасына зор шығын келіп, бүгінде үйлерді қа­­лыпқа келтіру жұмыстары жүргі­зілуде.

– Өрт оқиғалары тіркелген сәт­тен бастап ауылдың тұрғындары мен жастары ерікті түрде көмек­те­­суге жұмылды. «Көп түкірсе – көл» демекші, бәрі бірлік танытып, өрт­ті тез сөндіруге белсене ат­­са­лысты. Төтенше жағдайлар бөлі­­мі­­нің өрт сөндірушілері де келіп, өртті сөндіру жұмыстарын жүр­гізді. Қазіргі таңда жылу жинау жұ­мыс­тары жүргізілуде. Әркім қолда барын ұсынып, жәрдемдесіп жатыр. Ауыл әкімдігінің мамандары, қызметкерлері, ауылдағы мекеме ұжымдары уақытпен санаспай кө­мек­тесуде. Біз бұл қиындықтың бір­­лікпен, өзара сыйластықпен еңсе­реміз деп сенемін, – дейді ауыл әкімі.

Бұл істен ешкім де шет қал­май­тыны анық. Ауылдың ерікті жасы Е.Нұрғалиев бірлік танытатын кез­ келгенін айтып, аудан хал­қын өрт оқиғасымен бетпе-бет келген­ от­басыларға көмектесуге ша­қыра­ды.

– Халқымызда «Апат айтып кел­мейді» деген тәмсіл бар. Дауылды күні орын алған оқиға бәрімізге оңайға соқпады. Қазір нағыз бір­лік танытатын кез келді. Өрт оқи­ғасы орын алған сәттен бастап жана­шырлық танытып жатқан барша тұрғындарға, жастарға алғыс айтамын. Еріктілік ерлік ұғымымен маз­мұндас. Ерлік жасауға міндетті түрде күш-қайрат керек шығар, ал ерікті түрде жақсы іске болысуға адал ниет қажет. Рамазан айында орын алған сынақты біз бірлігімізбен жеңеміз. Газет арқылы аудан тұр­ғындарын өрт оқиғасымен бетпе-бет келген отбасыларға кө­мек­тесуге шақырамын, – дейді бел­сенді жас.

Бүгінде ауыл әкімдігі жанынан арнайы жұмысшы топ құрылған. Қандайда бір көмек көрсетіп, жәр­дем­десемін деген азаматтардың ауыл әкімдігіне хабарласуына не­месе ауылдағы Е.Боранбаев көше­сін­дегі №7, 9, 11 үйлерге баруына болады. Сынақты сәтте сырдария­лықтар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарады деп сенеміз.

«ТТ» ақпарат
04 сәуір 2023 ж. 177 0