Шаңырақты шарпыған өрт

Өрт сөндіру бекетінің мамандарының айтуынша, өрт туралы дабыл түнгі сағат 02.40 шамасында түскен. Өрт сөндірушілер хабар алысымен өз міндеттерін атқаруға кірісіп, оқиға орнына барған. Тұрғын үй иесі «Егер өрт сөндірушілер кешіккенде баспанамыз түгел өртеніп кететін еді» дейді.
– Өрт үйдің моржасының түбінен шығыпты. Бұлай болады деп ойламадық. Өрт сөндірушілер пештің от (жалын) жүретін жолына су шашып, шаңырағымызды шарпыған өртті тез ауыздықтады. Қазір үйімізді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аға өрт сөндіруші Шекзада Сейдалиев, өрт сөндірушілер Ғалымжан Маханбетов, Мұхтар Алтынбайұлы, Ерасыл Мәліковтерге алғысым шексіз. Жанашыр ағайын-туысқа, ауылдастарыма да рахмет айтамын, – дейді шаңырағын өрт шарпыған Шыңғыс Сарбасов.
Аудандық мәслихат депутаты, Айдарлы ауылының белсендісі Анар Қалдыбаеваның айтуынша, қазіргі таңда ауыл тұрғындары қиын жағдайға тап болған отбасыға көмек көрсету үшін қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыруда. «Kaspi gold» жүйесі арқылы 8-705-191-84-15 нөмірлі есеп шотқа жиналған қаражат қиын жағдайға тап болған отбасыға табысталмақ.
А.СЕЙІЛОВ