Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Көп түкірсе – көл

Көп түкірсе – көл

Ауданға қарасты Шаған ауылын­да төтенше жағдай орын алып, ел­ді мекендегі бір үй отқа оранды. Н.Сапаровтың үйін жалын шарпып, баспана толықтай жанып кеткен. Тілсіз жаудың салдарынан киім-ке­шек, дүние-мүлік толық жанып, құжат, телефондары да қоса кеткен.

Үлкен ауылдағы төтенше жағдай бір отбасыны баспанасыз қалдырды. Көктем келсе де салқынның ызғары әлі бар. Сондықтан қазір бас­пананы бірден салып алу бұл отбасыға оңай соқпайды. Үй иесі шарушылықта егінші болып жұмыс атқарса, әйелі жұмыссыз. Олардың үш баласы бар.

Әп-сәтте абдырап үйі өртенген отбасыға көмек қолын созуымыз қажет-ақ. «Көп түкірсе – көл» деген. Қайырымды, жомарт жандар жабыр­қаған жандардың жанынан табылып, көмек көрсетсе игі. Қазірдің өзінде ауыл адамдары «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, көмек көрсетуде. Ауылдағы «Шаған Жер» ЖШС тарапынан да айтарлықтай көмектер жасалып жатыр.


Жылы үйдің өртке орануы кімге болса да оңай тимесі анық. Сондықтан көп болып көмек қолын созсақ, елдігімізді білдіреміз.

Е.ЖАППАРБЕК


17 наурыз 2022 ж. 676 0