Құтыру ауруынан сақтанайық
Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің 2020 жылғы 1 ақпан күнгі №8 санында «иесіз ит кезіпжүр көшелерді...» тақырыбында сыни материал жарияланған болатын. Осыған байланысты аудандық тауарлар менкөрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар жөнінде басқарманың бас маманы О.Сәрсембайдың атынан жауап келді. Аталған хатта көрсетілген мәліметтерді «Жазылған жайдың жаңғырығы» айдары бойынша басылымға жариялауды жөн көрдік.
Аудан бойынша 2019 жылы жануарлардан жарақат алғандар саны – 122, оның ішінде иесі белгілі жануарлардан жарақат алғандар саны – 68, иесі белгісіз жануарлардын – 54, оның ішінде иттерден – 43, мысықтарданжарақат алғандар саны – 2, түлкіден жарақат алғандар саны – 1, шибөріден жарақат алғандар саны – 1, сілекейленумен қарым-қатынаста болғандар саны – 7.
Жануарлардан жарақат алғандар құтыру ауруына қарсы екпелерін аудандық емдеу сауықтыру мекемелерінен толығымен қабылдануы қадағаланды.
Аудандық газетте жарияланан сыни мақалада аудандық ветеринариялық стансасы мен аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметтерінің сәйкес келмеуінің себебі, аудандық ветеринариялық стансасы жарақат салған жануарлардың тек иелері белгілі, яғни бақылауғаалған жануарлардың санын көрсеткен. Жоғарыда көрсетілгендей, иесі белгілі жануарлардан жарақат алғандардың саны – 68, оның ішінде 2 адамға Қызылорда қаласының, 1 адамға Шымкент қалаласының иттері жарақат салған.
Иесі белгілі жануарлардан жарақат алған жағдайларға аудандық ветеринариялық бөліміне қатынас хаттар жолданып жарақат салған жануарлардың денсаулығы жөнінде анықтамалар алынып, антирабикалық екпелерін тоқтатуларына негіз болды. Иесі белгілі иттер жарақат алған жағдайларға аудандық полиция бөліміне қатынас хаттар жолданып, ит иелеріне ҚР ӘҚБтк-ң 408 бабының 2 бөлігімен 27 айыппұл салынғандығы жөнінде мәлімет қабылданып отыр.
Құтыру ауруы – құтырған жануарлардың адамдарға жарақат салғаннан туындайтын, орталық нерв жүйесінің зақымдануымен және өлім жағдайына әкеліп соқтыруымен сипатталатын жануарлар мен адамдардың табиғи ошақтық, аса қауіпті ауру болып табылады. Құтыру ауруының көп жағдайда инфекция көзі иттер мен мысықтар болып табылады, табиғи ошақтары қасқырлар, түлкі, қарсақ, шибөрі және басқа да жануарлар болған жерде қолдау табады. Олардан инфекция үй жануарларына және кезбе иттерге, мысықтарға жұғады. Инфекцияның берілуі тістегеннен кейін жарақат сілекейленуі, тырнауы арқылы жүзеге асырылады. Құтыру ауруы жұққан жануарлар инкубациялық кезеңнің аяғында және ауру кезінде вирусты сілекей арқылы бөліп шығарады. Зақымдалған тері арқылы енгізілгеннен кейін құтыру вирусы жүйке талшықтары арқылы таралады және бас, жұлын миына жетеді, онда көбейіп, жинақталады. Сілекей бездеріне жете отырып, вирус сілекеймен сыртқы ортаға шығарылады.
Құтыру ауруыныңалдын алу шараларыбойынша аудандық ветеринариялық бөлімі, аудандық аурухана мекемелерімен бірлесіп, біріккен бұйрық дайындалып, елді мекендерде тұрғындар арасында акциялар өткізіліп, алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудандық емдеу – сауықтыру мекемелерінің медицина мамандарымен бірлесіп, біріккен бұйрықтардайындалып, медицина қызметкерлері арасында 3 рет семинар сабағы өткізіліп, аурудың алдын алу сақтану шаралары бойынша облыстық «Сыр табиғаты» газетіне 2 рет мақала жарияланды.
Иесі белгілі жануарлардан жарақат алу фактілері жалпы жануарлардан жарақат алу фактілерінің 55,7% болуына байланысты, облыстық маслихаттың 2015 жылғы 18 наурыздағы №262 шешімімен бекітілген қағидаларының 7 тармақшасын негізге алуларыңызды сұраймыз. Аса қауіпті жұқпалы дерттің алдын алу мақсатында алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.