Банкроттық туралы шешімді ойланып барып қабылдау керек – Қаржы министрлігі
Жеке тұлғалардың банкроттығы тақырыбындағы баспасөз конференциясында банкроттықтан кейін болатын салдар туралы айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Банкроттыққа арыз беруді қарыз алушының өзі ғана бастай алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты осы рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.
Сот банкроттығын, және соттан тыс банкроттығын қолданатын азаматтар:
5 жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан несиелер ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);
олар 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа жүгіне алады;
олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қаржы министрлігі өкілдері банкротқа ұшырау арқылы азамат өзінің несиелік рейтингін төмендететінін түсінуі керегін және барлық артықшылықтар мен кемшіліктер сараланып, банкроттық туралы шешімді ойланып барып қана қабылдау керегін ескертті.
Еске салайық, 2022 жылдың 22 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР азаматтарының Төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңға қол қойды. Бұл қарыздары бар, қарыздарын өтей алмай жүрген азаматтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады деген сөз.